Тергеу изоляторында 119 бала отыр: білім алу құқығын қалай қамтамасыз етіледі
Қазақстанда уақытша ұстау изоляторларында отырған балалардың білім алу құқығын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылданады. Қазір елдегі тергеу изоляторларында 119 бала бар. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы аясындағы есебінде мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.
Министрдің айтуынша, баланың білім алу құқығы кез келген жағдайда сақталуға тиіс. Қазір еліміздегі 34 кешкі мектепте 2 904 адам білім алып жатыр. Олардың 855-і – кәмелетке толмағандар. Балалардың кешкі мектептерде оқуына жол бермеу үшін тиісті бұйрық жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде тұр.
«Қазақстанда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 237 мың бала бар. Оның 71 мыңы – мектепке дейінгі жаста, 166 мыңы – мектеп жасындағы балалар. Олардың барлығы инклюзивті біліммен қамтылған. Бұдан бөлек, инклюзивті білім беруге арналған кабинеттерге қойылатын талаптарды реттейтін бұйрық қабылданды. Сондай-ақ Құрылтай депутаттарының бастамасымен «Дамуында ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр», – деді министр.
Жұлдыз Сүлейменова уақытша тергеу изоляторларындағы балалардың да білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
«Қазір тергеу изоляторларында 119 бала отыр. Олардың білім алуына қатысты кешенді шаралар қабылданады», – деді Сүлейменова.
Құрылтайдағы үкімет сағатында AI-Quryltai көмегімсен «Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң жобасы әзірленгені хабарланды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қараша 2026