Халықтың депозиттегі ақшасы бір айда 800 млрд теңгеге өскен
Елдегі компаниялар мен халықтың екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банкте сақталған депозиті бір айда 1,4 трлн теңгеге өсті. Қыркүйек айында депозиттерде 51,5 трлн теңге жиналса, қазан айында бұл қаржы 52,9 трлн теңгеге жуықтап қалды.
Ұлттық банк дерегіне сәйкес, 52,9 трлн теңгенің 29,4 трлн теңгесі – халықтың жинаған ақшасы. Қазақстандықтардың депозитте жинаған қаржысы бір айда 800 млрд теңгеге өсіп, 28,6 трлн теңгеден 29,4 трлн теңгеге жеткен.
Ал компаниялардың депозиттегі қаржысы 23,5 трлн теңгені құрайды. Бір айда 600 млрд теңгеге көбейді.
52,9 трлн теңге депозиттің 42,8 трлн теңгесі ұлттық валютада ашылған депозитте сақтаулы жатыр.
Ал шетел валютасында ашылған депозитте жинақталған қаржы көлесі 10 трлн теңгеден сәл асады.
Депозиттегі қаржыны 2025 жылдың қазан айымен салыстырсақ, бір жылда 8,2 трлн теңгеге өскені байқалады.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша орташа сараланған мөлшерлеме қыркүйекте сәл өсіп, 14,7%-ды құрады. Тамызда 14,6% болған еді. Ал валюталық жинақтар бойынша пайыздық ставка өзгеріссіз қалды – 0,9%.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қараша 2026