Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық бойынша 135 балабақшаның басшысы жазаланды

kz.kursiv.media

Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық бойынша 135 балабақшаның басшысы жазаланды

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен әдепке жат әрекеттерді ерте анықтау үшін бірыңғай құралдар енгізу жоспарланып отыр. Бұл мәселе құрылтайдағы үкімет сағатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп жазады Kursiv.Media.

Үкімет сағатында депутат Айжан Наимбекова кішкентай балалар ересектердің зорлық-зомбылық әрекеттерін үнемі түсіне бермейтінін, кейде өздеріне жасалған әрекеттің дұрыс емес екенін аңғармайтынын айтты. Оның сөзінше, кейбір балалар басынан өткен жағдайды жеткізе алмайды немесе көмекке мұқтаж екенін түсінбейді.

Осыған байланысты депутат балабақша тәрбиешілері мен психологтары балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге, мазасыздыққа және эмоциялық жағдайының нашарлауына назар аударуы қажет екенін атап өтті. Ол министрліктен мұндай жағдайларды анықтау үшін қандай құралдар қолданылатынын, бақылауды кім және қаншалықты жиі жүргізетінін сұрады. Сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар жеке меншік балабақшаларға да міндетті түрде енгізілуі деген мәселені көтерді.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 2024–2026 жылдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың 42 дерегі тіркелген. Оның 37-сі жеке меншік балабақшаларда болған. Ал 36 жағдайда құқық бұзу тәрбиешілердің қатысы анықталған.

Министрлік мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың маусымында балаларға қатысты зорлық-зомбылық анықталған кездегі әрекет ету алгоритмі мен тетіктерін бекіткен.

«Сонымен қатар заңнамада балалардың құқықтарын қорғау талаптарын орындамағаны үшін 71 тұлғаға айыппұл салынды. Атап айтқанда, құқық бұзушы туралы кодекстің 127-1-бабына сәйкес, балаға қатысты құқық бұзу жайлы біле тұра тиісті шара қолданбаған тұлғалар жауапқа тартылады», – деді министр.

Министрдің мәліметінше, балабақша басшыларының балаларға қатысты жағдайларға тиісті назар аудармауы үшін де әкімшілік жауапкершілік көзделген. Осы норма бойынша бүгінге дейін 135 балабақша басшысы жауапқа тартылған.

Бұдан бөлек, министрлік тәрбиешілердің психологиялық даярлығын арттыру және біліктілігін жетілдіру бағытындағы жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Қанша жетім бала баспана алу кезегінде тұр- Сүлейменова жауап берді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар