Астана тұрғыны заңсыз ломбард ашып, 120 млн теңге тапқан
Астанада «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты тергеу аяқталды. Ол арнайы лицензиясыз микроқаржы қызметімен заңсыз айналысқан.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті анықтағандай, күдікті 2021 жылдан бері өз бақылауындағы «INVEST PRO KZ» ЖШС, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерліктері арқылы заңсыз әрекет еткен.
Бұл ұйымдар халықтың мүлкін кепілге алып, қарыз берген, алайда өз қызметін комиссиялық сауда ретінде бүркемелеп отырған. Клиенттерге берілген кепіл билеттері комиссиялық сауда келісімі сияқты рәсімделген.
Ақша қолма-қол берілгенімен, оның пайызы, қарыз мерзімін ұзарту ақысы мен айыппұлдары аталған кәсіпкерлік субъектілерінің есепшоттарына аударылып тұрған.
Шарт бойынша қарыз 30 күнге беріліп, күн сайын 0,25%-ға дейін үстемеақы есептелген. Ал ақшаны уақытында қайтармағандарға қосымша айыппұл салынып, берешек өтелмеген жағдайда кепілге қойылған мүлік сатылып кеткен.
Заңсыз кәсіптен түскен табыс 102 миллион теңгеден асқан. Кейін мүлікті тәркілеу үшін сот санкциясымен күдіктінің екі пәтеріне, үш көлігіне және екі кеңсесіне тыйым салынды. Қазір қылмыстық іс сотқа жолданды, ал ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Бұған дейі ғылыми жобаға бөлінген 945 млн теңгені жымқырған күдікті қамауға алынған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қараша 2026