Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ, Ресей және Израиль автономды қаруға шектеу қоюға қарсы шықты

kz.kursiv.media

АҚШ, Ресей және Израиль автономды қаруға шектеу қоюға қарсы шықты

Женевада өтіп жатқан БҰҰ конференциясында АҚШ, Ресей және Израиль нысананы өзі таңдап, жоятын автономды қару жүйелеріне міндетті халықаралық шектеулер енгізуді қолдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

16-20 қараша аралығында өтіп жатқан жиында 128 мемлекеттің өкілдері жасанды интеллектіге негізделген соғыс дрондары мен роботтарын реттеу жолдарын талқылауда. Қазірдің өзінде Украина, Судан және Таяу Шығыста қолданылып жатқан бұл технологияларға қатысты пікірлер екіге жарылды.

Көпшілік елдер халықаралық келісімшарт қабылдауды жақтайды; АҚШ, Ресей және Израиль қолданыстағы гуманитарлық құқық нормалары жеткілікті деп есептейді. Вашингтон шарттың орнына бес жыл ішінде ұсынымдар әзірлеуді ұсынып отыр. Ұлыбритания, Германия және Франция ымыраға келіп, келіссөздерді бастауға және келісімнің заңды мәртебесін кейін анықтауға дайын.

Өз кезегінде, Австрия, Бельгия және Бразилия бастаған жеті мемлекет нақты келісімшарт бойынша келіссөздер бастауды ұсынды. Алайда шешім қабылдау үшін барлық елдің бірауыздан келісімі қажет болғандықтан, кез келген мемлекет бұл бастаманы бұғаттай алады.

Құқық қорғаушылар роботтардың нысана таңдауда қателесу қаупі жоғары екенін және адам өлімі үшін жауапкершіліктің бұлдырайтынын айтып дабыл қағуда.

Конференция өз жұмысын 20 қарашада қорытындылайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар