Қазақстан – Словакия: Ұлттар лигасының матчын қайдан көруге болады
Бүгін, 16 қарашада футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы турында Словакиямен кездеседі.
Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы кездесуді Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Бұл – Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы тур. Қазақстан құрамасы С дивизионының үшінші тобында әзірге соңғы орында тұр.
Топ кестесі (жалпы)
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы алдыңғы кездесуінде Молдоваға қонақта 1:2 есебімен есе жіберді. Ал Словакия өз алаңында Фарер аралдарымен 2:2 есебімен тең түсті. Қазақстан құрамасы топта соңғы орында тұрғанымен, Ұлттар лигасының 2028/29 жылғы маусымынан бастап енгізілетін форматтық өзгерістерге байланысты D дивизионына түсіп қалмайды.
Еске салайық, Қазақстан мен Словакия құрамалары бұған дейін 29 қыркүйекте Кошице қаласында кездескен. Ол ойында словакиялық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
- Соңғы
- Қараша, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026