Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер өз үйінде өлі табылды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер өз үйінде өлі табылды

16 қарашада таңертең Ақтөбе қаласындағы беделді аудандардың бірінде 49 жастағы кәсіпкер өз зәулім үйінде өлі табылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна мәліметінше, ер адамды атып кеткен болуы мүмкін. Марқұм – жанармай құю бекеттері желісінің директоры Айболат Жисов екені айтылуда. Оқиға таңғы сағат 07:30–07:40 шамасында болған. Көршілері тарс еткен үш дыбысты естігенімен, қараңғыда оны отшашу деп ойлаған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті ер адамның мәйіті табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған қажетті тергеу мен жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Әзірге күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар