Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Азия ұлттары кубогы: қыздар құрамасы Моңғолияны, жігіттер Малайзияны жеңді

kz.kursiv.media

Азия ұлттары кубогы: қыздар құрамасы Моңғолияны, жігіттер Малайзияны жеңді

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан шахматтан Азия ұлттары кубогының шешуші кезеңі қарсаңында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары сәтті өнер көрсетті. Екі команда да қарсыластарын бірдей 3,5:0,5 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

8-турда Қазақстан ерлер құрамасы Малайзияны 3,5:0,5 есебімен тізе бүктірді. Командаға алғашқы жеңіс ұпайын 26 жастағы шымкенттік гроссмейстер Жандос Ағманов әкелді. Одан кейін Денис Махнев пен Даниял Сәпенов өз партияларын жеңіспен аяқтаса, Алдияр Аңсат қарсыласымен тең түсті.

Соңғы тур алдында Ресей құрамасы көш бастап тұр, одан бір ұпайға қалып келе жатқан Үндістан мен Қытай үздік үштікте. Ал Қазақстан құрамасы жүлделі орыннан екі ұпай айырмашылығымен төртінші орынға жайғасты.

6-турда Қазақстанның қыз шахматшылары Моңғолия құрамасын дәл осындай 3,5:0,5 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Ксения Балабаева, Елназ Қалиахмет және Лия Құрманғалиева жеңіске жетсе, Меруерт Камалиденова тең ойын көрсетті.

Әйелдер арасында алты матчтың бәрінде жеңіске жеткен Ресей құрамасы мерзімінен бұрын чемпион атанды. Ал күміс пен қола жүлдеге соңғы турда Қытай, Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан құрамалары таласады.

Айта кетейік, Абу-Дабидегі байрақты бәсекеге 20 ерлер және 12 әйелдер командасы қатысуда. Ерлер 9 тур, әйелдер 7 тур бойынша швейцариялық жүйемен бақ сынауда.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар