Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Словакия Ұлттар лигасының соңғы матчында тең ойнады

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Словакия Ұлттар лигасының соңғы матчында тең ойнады

«Астана Арена» стадионында өткен Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Қазақстан құрамасы Словакиямен тең ойнады.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды, ал словакиялықтар шешуші голды ойын соңындағы қосымша минуттарда соғып кетті. Ойынды әзербайжандық бас төреші Әлияр Ағаев басқарды.

Бірінші таймда командалар қауіпті сәттерді өте сирек жасады. Дегенмен, 29-минутта Ислам Чесноков қазақстандық құраманың шабуылын нәтижелі аяқтап, есеп ашты.

Екінші таймда словакиялықтар қысымды күшейтіп, 56-минутта есепті теңестірді — айып алаңының ортасынан Роберт Боженик баспен дәл көздеді. Алайда араға небәрі тоғыз минут салып, 65-минутта Ян Вороговский айып алаңында допты қабылдап, алыс бұрышқа әдемі соққы жасады (2:1).

Қазақстандық команда жеңісті соңғы ысқырыққа дейін сақтап қалуға тырысқанымен, төреші қосқан 5-минутта Адриан Капралик қақпаға жауапты гол соғып, матчың нүктесін қойды — 2:2.

Осылайша, алты кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 ұпай жинап, Ұлттар лигасының C дивизионы 3-тобында соңғы орынға тұрақтады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар