Шымкентте дарынды балаларға арналған интернаттың жатақханасында өрт шықты
Шымкент қаласындағы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың жатақханасынан өрт шықты. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство мәліметінше, өрт Тұран ауданы, Орманов көшесінде орналасқан бес қабатты ғимараттың екінші қабатында болған. Онда жиһаз бен матрас жанған.
Өрт сөндірушілер жалынның өзге бөлмелерге таралуына жол бермей, қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірді.
«Ғимараттан адамдарды эвакуациялау қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Сонымен қатар, министрлік өрт сөндірушілердің бейнежетонына түсіп қалған оқиға орнындағы кадрларды жариялады.
Айта кетейік, осыған дейін 13 қарашада сағат 10:28-де Ақтөбе қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған еді.
- Соңғы
- Қараша, 16
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026