Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуі мүмкін екенін айтты

kz.kursiv.media

Трамп Солтүстік Корея басшысымен кездесуі мүмкін екенін айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні осы аптада Қытайда Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы SBS News басылымы жазады.

Трамптың айтуынша, кездесудің өтуі Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шешіміне байланысты. Яғни, Қытай басшысы келісім берсе, АҚШ пен Солтүстік Корея жетекшілері жүздесуі мүмкін.

Трамптың алғашқы президенттік кезеңінде Ким Чен Ынмен бірнеше рет тікелей келіссөздер жүргізген. Алайда сол кезде АҚШ Солтүстік Кореяны ядролық қарудан бас тартуға көндіре алмаған. Тіпті ядролық қаруы мен зымырандарын одан әрі дамытып, Ресей және Қытаймен байланысын нығайтты.

Трамп бұған дейін Солтүстік Кореяны ядролық держава деп атаған. Алайда АҚШ пен оның аймақтағы одақтастары бұл мәртебені ресми түрде мойындамайды.

Еске салайық, 19 қарашада Қытайда Путин, Си Цзиньпин және Трамп бір үстел басына жиналады. Келіссөздер Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының (АТЭЫ) саммиті аясында өтеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар