Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есірткі саудасына қатысы бар 3,8 млн доллардың криптоактиві бұғатталды

kz.kursiv.media

Есірткі саудасына қатысы бар 3,8 млн доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда жыл басынан бері 619 мыңнан астам дропперлік шот бұғатталып, 2,6 млрд теңгеге тыйым салынды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Бас прокуратураның мәліметінше, бұғатталған шоттардың 30 мыңы Қазақстан банктеріне, ал 589 мыңы шетелдік карталарға тиесілі. Қаржылық мониторинг агенттігі 25 мың криптовалюталық әмиянға блокчейн-талдау жүргізген.

Бас прокуратура 2025 жылдан бері интернеттегі есірткі бизнесін анықтау және оның қаржылық арналарын бұғаттау алгоритмін қолданып келеді. Прокурорлар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, интернет-дүкендермен сатып алушы ретінде байланысқа шығып, есірткі үшін төлем қабылдайтын банк шоттары мен криптовалюталық әмияндарды анықтайды.

«Құқық қорғау органдары «есірткі жасырушыларды» ғана емес, қылмыстың нақты ұйымдастырушыларын анықтауға, жеткізу арналарының жолын кесуге және қылмыстық жолмен табылған табыстарды белгілеуге баса назар аударып отыр», – делінген Бас прокурордың жауабында.

Мысалы, тергеу барысында есірткі саудасынан түскен ақшаны бөлісуге және есірткі дүкендерін қаржыландыруға қатысы бар «R-Exchange» айырбастау сервисі анықталған. Оның қаржы ағындарының негізгі бөлігі Астана мен өзге өңірлерде синтетикалық есірткі сатқан «Zadira» интернет-дүкенімен байланысты болған.

Арнайы прокурорлар америкалық әріптестерінің көмегімен 3,8 млн доллар көлеміндегі криптовалюталық активтерді бұғаттаған. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 1 шілдедегі үкімімен қылмыстық топтың бес мүшесі үш жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олардың қылмыстық кірістері тәркіленді.

Сонымен қатар «Киберқадағалау» жүйесі арқылы есірткіні насихаттайтын 10 мыңнан астам материал, оның ішінде 6,4 мың есірткі дүкені бұғатталған.

Бас прокуратураның мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы жұмыста жазалаумен қатар алдын алу шараларына да басымдық беріліп келеді. Жыл басынан бері мемлекеттік органдар 2,8 млн-нан астам адамды қамтыған 18 мыңнан астам түсіндіру іс-шарасын өткізген.

«Уәкілетті органдар қызметіндегі басымдық жазалау шараларынан есірткі құқық бұзушылықтарының жүйелі профилактикасы мен алдын алуға біртіндеп ауысып келеді», – делінген жауапта.

Еске салсақ, осыған дейін құрылтай депутаты Дидарбек Ділдәбек дропперлік жастар арасындағы тағы бір өзекті мәселеге айналғанын айтқан еді. Жеңіл табыс табу үшін жастар банк картасын алаяқтар қолына бергенін байқамай қалады. Осы мәселені шешу үшін депутаттар мобильді аударым кезінде биометриялық растау енгізуді ұсынып отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар