Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақшаға сатып алғандар артық төлейді: сарапшылар «қос баға» жүйесін енгізуді ұсынады

kz.kursiv.media

Ақшаға сатып алғандар артық төлейді: сарапшылар «қос баға» жүйесін енгізуді ұсынады

Соңғы жылдары бөліп төлеу мен кепілсіз тұтынушылық несие инфляциялық қысымды күшейткен факторлардың біріне айналды. Halyk Finance талдау орталығының дерегінше, «рассрочканың» экономикалық мәні тұтынушылық несиеге өте жақын. Сатушы бұл үшін маркетплейс немесе банкке комиссия төлесе, ал бұл шығын көбіне тауардың түпкіл бағасына қосылады.

Соның салдарынан бірден қолма-қол ақша төлеп сатып алатын азаматтар да басқалардың несие құнының бір бөлігін төлеуге мәжбүр болады.

Осыған байланысты Halyk Finance сарапшылары бөлсіп төлеу мен біржола сатып алу бағасын бөлек көрсететін «қос баға» жүйесін енгізіп, нарықты толыққанды реттеу қажет деп санайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда бөліп төлеуге берілетін тауарлар тұтынушылық несие ретінде есептеліп, клиенттің төлем қабілеті мен несие тарихы ескеріледі. Алайда сатушылар мен банктік емес BNPL-провайдерлер ұсынатын бөліп төлеу бойынша ақпарат несие бюроларына беру міндеттелмеген.

Бұл басқа кредиторлар үшін қарыз жүктемесінің «байқалмай қалуына» және тұтынушылардың жасырын төлемдер мен айыппұлдарға тап болу қаупіне әкеледі. Осы орайда ҚР Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл қызметтерге бірыңғай талап қойып, мәміле шарттарын ашуды, кредит бюроларына деректерді міндетті түрде жолдауды және айыппұлдарды шектеуді қарастырып жатыр.

Нарықтағы жалпы жағдайға тоқталсақ, 2026 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша, кепілсіз тұтынушылық қарыз көлемі 12,2 трлн теңгені құрады.

Жылдық өсім 6,8%-ды құрап, өткен жылдармен салыстырғанда бәсеңдеді. Дегенмен, қарыз жүктемесінің шоғырлануы сақталып отыр: 5 миллион теңгеден астам қарызы бар азаматтардың 79%-ы бір мезгілде төрт және одан да көп несиені өтеп жатыр.

Кейінгі жылдары тауарды пайызсыз бөліп төлеуге алу тұтынушылық несиенің ең жылдам дамып келе жатқан сегментіне айналды. Бөлшек несие алушылардың 63%-ы «рассрочка» рәсімдеген. Бұл – жоғары көрсеткіш. Көп жағдайда мұндай қарыз күнделікті тұрмыстық тауарларды сатып алуға бағытталған.

Алдағы уақытта халықтың бөліп төлеу мен BNPL (Buy Now, Pay Later – қазір ал да, кейін төле) арқылы алған қарызы несие тарихында көрсетіле бастауы мүмкін. Қазіргі кезде мұндай қарыздар несие тарихында жазылмайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар