Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

kz.kursiv.media

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты.

Ухнаагийн Хүрэлсүх демократиялық партия ұстанымын қолдайтынын айтты.

Моңғолия басшысының сөзінше, соңғы бір айда кейбір топтар президенттің беделі мен институтына нұқсан келтіріп, оның абыройына тиіскен.

Президенттің айтуынша, ол осы уақытқа дейін жағдайды бақылап, үнсіз қалған. Алайда жауапты қызмет атқаратын адам ретінде мәлімдеме жасауға шешім қабылдаған.

«Заң алдында бәрі тең. Кеше демократиялық партия тобы Моңғолия президенті қызметінен кетіп, тергеу жүргізілуі керек деген ұстаным білдірді. Мен бұл пікірмен келісемін», – деді Ухнаагийн Хүрэлсүх.

Ол өзіне жала жапқандардың жауапкершілікке тартылатынын және өзінің абыройын қалпына келтіретінін айтты.

Еске салсақ, биылғы сәуірде Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар