Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Цифрлық карталар отандық такси сервисіне енгізіледі

kz.kursiv.media

Цифрлық карталар отандық такси сервисіне енгізіледі

Қазақстанның отандық цифрлық карталары мен навигациялық сервистері Qajet такси шақыру платформасына интеграцияланады. Бұл бастама мемлекеттік картографиялық деректерді коммерциялық мақсатта пайдаланып, ұлттық навигациялық технологияларды дамытуға бағытталған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы» РМК әзірлеген цифрлық карталар мен геосервистерді Qajet платформасында пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Жоба аясында отандық карталарды сервиске енгізу, мекенжайларды іздеу, геокодтау және маршруттарды құру мүмкіндіктерін дамыту жоспарланған. Бұл шешімдерді жолаушылар тасымалы кезінде сынақтан өткізіп, кейін басқа салаларда қолдану мүмкіндігі бағаланады.

Жобаның негізін кеңістік деректердің ұлттық инфрақұрылымы аясында әзірленген картографиялық мәліметтер мен қазгеодезияның жеке технологиялық шешімдері құрайды.

Жұмыс тобының отырысында жол желісі туралы ақпаратты жаңарту, мекенжайлар мен нысандардың орналасқан жерін дәл анықтау және картографиялық деректердің өзектілігін тұрақты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Алдағы уақытта қазақстандық цифрлық карталар мен навигациялық сервистерді такси агрегаторларынан бөлек, жеткізу қызметтері, логистикалық компаниялар және басқа да цифрлық платформаларда пайдалану көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз: Yandex-ке балама: Қазақстан неге өз платформасын құрмайды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар