Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өкпе обырын ерте анықтайды: Алматы оқушылары халықаралық байқауда үштікке енді

kz.kursiv.media

Өкпе обырын ерте анықтайды: Алматы оқушылары халықаралық байқауда үштікке енді

Алматыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары өкпе обырын ерте анықтауға бағытталған Pulmora жобасын әзірлеп, халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Команда Парижде өткен iGEM Grand Jamboree 2026 байқауында «Инклюзивтілікті дамытудағы үздік жетістік» (Best Inclusivity Award) номинациясы бойынша үздік үш команданың қатарына кірді.

Pulmora жобасы екі технологияға негізделген. Оның біріншісі – жасушалардағы гендердің белсенділігін реттеуге қатысатын микроРНҚ молекулаларын кешенді зерттеу. Екіншісі – адам демімен шығарған ауаны арнайы электронды құрылғы арқылы талдау. Оқушылардың түпкі мақсаты – өкпе обырын ағзаға тікелей араласуды қажет етпейтін, инвазивті емес әдіспен анықтауға мүмкіндік беретін технология жасау.

Зерттеу жұмысы кезінде оқушылар онколог мамандармен кеңесіп, ауруды бастапқы кезеңде анықтауда кездесетін мәселелерді зерделеген. Сонымен қатар жобаны Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ерекшеліктеріне бейімдеу жолдарын қарастырған.

Халықаралық байқауда жобаны Жасмин Әбділда, Тасним Бултаева, Заңғар Сәкен, Софья Желтова, Айжан Сейтқанова, Элиф Досмұхамбетова және Диана Әбрахим таныстырды. Оқушыларға NIS жанындағы «Технотория» инженерлік зертханасының меңгерушісі Дулат Байтүленов жетекшілік етті.

Айта кетейік, iGEM – Массачусетс технологиялық институтында (MIT) бастау алған синтетикалық биология саласындағы ең ірі халықаралық ғылыми жарыстардың бірі. Биыл байқауға әлемнің 50-ден астам елі мен өңірінен 400-ден аса команда қатысып, оған шамамен 10 мың адам жиналды.

Тағы да оқыңыз: Мектеп оқушылары халықаралық олимпиададан жеңіспен оралды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар