Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық шенеуніктер отандық киімді қаншалықты жиі сатып алады

kz.kursiv.media

Қазақстандық шенеуніктер отандық киімді қаншалықты жиі сатып алады

Елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамыту жайлы жиі айтылғанымен, дүкен сөрелерінде отандық киім-кешек әлі де тапшы. Осы орайда Үкіметте өткен брифингте журналистер шенеуніктерден Қазақстанда жасалған өнімді қаншалықты жиі сатып алатынын сұрады.

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен «Даму» қорының басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев киімдерінің бағасы қанша тұратынын және қазақстандық өндірушілердің заттарын қаншалықты жиі сатып алатынын айтып берді.

Олжас Сапарбеков отандық брендтерден киім алатынын, бірақ оны таза қазақстандық өнім деп айтуға болмайтынын жеткізді.

«Егер дәл қазір үстімдегі костюм 100 пайыз Қазақстанда жасалған десем, сіздерді алдаған болар едім. Бізде мақта-мата өндірісі жолға қойылғанымен, аралас және жүн маталар әлі шығарылмайды. Сондықтан мына шалбар мен пиджактың матасы шетелден әкелінген, бірақ елімізде тігілген», – деп мойындады вице-министр.

Ал оның үстіндегі өзге киімдердің барлығы шетелдік брендтерге тиесілі болып шықты.

Ал «Даму» қорының басшысы Фархат Сәрсекеев отандық өнімге әлдеқайда жақын екенін айтты. Оның сөзінше, қызылордалық Dalatex көйлектері мен қарағандылық Neyches Boots, көкшетаулық ALBE аяқ киімдері және Adili галстуктері шетелдіктерден еш кем емес, өзі де соларды тұрақты тұтынады.

Шенеуніктердің отандық өнімге деген қолдауы қалталарына қаншалықты салмақ салатыны да белгілі болды. Вице-министрдің отандық фабрикада тігілген костюмі шамамен 100 мың теңге тұрса, «Даму» басшысының мойнындағы галстук 40 мың теңге айналасында бағаланған. Ал екеуінің таза былғарыдан тігілген қазақстандық аяқ киімдері бір дүкеннен алыныпты, бағасы – 60 мың теңге.

Бұған дейін Энергетика министрі Ердан Ақкенженов 1 миллион 200 мың теңге төңірегінде жалақы алатынын, және комуналдық қызметке 73-75 мың теңге төлейтінін айтқан еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар