Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Студент қазасынан кейін министрлік ҚазҰУ-ға кешенді тексеріс жүргізеді

kz.kursiv.media

Студент қазасынан кейін министрлік ҚазҰУ-ға кешенді тексеріс жүргізеді

Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту мақсатында ғылым және жоғары білім министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне кешенді тексеру жүргізеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚазҰУ-ға мониторингтік топ жіберіледі. Топ студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өмірі мен денсаулығын қорғау бөлігінде заңнама мен ішкі құжаттар талаптарының сақталуын зерделейді, сондай-ақ тәрбие, әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін бағалайды.

Жанжалды жағдайларды анықтау мен алдын алудың, студенттердің өтініштеріне уақтылы ден қоюдың және оларға психологиялық көмек көрсетудің қолданыстағы тетіктеріне ерекше назар аударылатын болады.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттік ортада қауіпсіздікті арттыру және профилактика жүйесін жетілдіру жөнінде қосымша шаралар әзірленеді.

Ұлттық университетте соңғы екі аптада екінші студент қайтыс болды. 6 қараша күні кешке ҚазҰУ студенттер қалашығында журналистика факультетінің бірінші курс студенті қаза тапқан еді. Бойжеткен Алматыға Шымкенттен оқуға келген.

Он күннен кейін жоғары оқу орнында да тағы қайғылы жағдай тіркелді. 16 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қайтыс болды. Алматы қалалық полиция департаменті аталған жайтқа қатысты түсініктеме берген еді.

17 қарашада ҚазҰУ-дың проректоры мен деканы қызметінен кеткені белгілі болды. Ал оқиға болған күні кезекшілікте тұрған қызметкерлер жұмыстан шеттетілді.

Университет басшылығы оқиғаға қатысты ешқандай деректі жасырмайтынын, тергеу органдарына толық қолдау көрсетіп жатқанын және істің объективті әрі ашық жүргізілуіне мүдделі екенін мәлімдеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар