Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда екі жаңа мыс балқыту зауыты салынады

kz.kursiv.media

Қазақстанда екі жаңа мыс балқыту зауыты салынады

Балқаш пен Ақтоғайда қуаты 300 мың тонна болатын екі жаңа мыс балқыту зауыты салынады. Бұл жобалар 2030 жылға қарай елдегі мыс өндірісін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылым министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бүгінде ел ішінде шикізатты терең өңдеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Қазіргі таңда елімізде өндірілетін 3-4 миллион тонна мыс концентратының шамамен 59%-ы отандық кәсіпорындарда өңделеді. Осы шикізат көлемін толық игеру үшін екі негізгі бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бірінші бағыт – заңнаманы жетілдіру. Мыс концентратын ел ішінде өңдеуді ынталандыру мақсатында тарифтерді мемлекеттік реттеу заңнамасына тиісті түзетулер әзірленді. Екінші бағыт – жаңа өндірістік қуаттарды дамыту.

Бұл ретте Балқаш пен Ақтоғайда жаңа зауыттар салудан бөлек, мыс концентратын өңдеуді арттыру үшін «Көксай» және «Айдарлы» жобалары жүзеге асырылады. Аталған жобалар қосымша 1,7 миллион тонна мыс концентратын өңдеуге мүмкіндік береді.

«Осы кешенді шаралардың нәтижесінде 2030 жылға қарай мыс концентратын өңдеу көлемін 1,5 есеге, ал мыс өндіруді 2 есеге арттыру жоспарланып отыр», – деді министр.

Айтуынша, бұл өз кезегінде дайын мыс өнімдерін шығаруды 2 есеге ұлғайтып, жылына 40 мың тоннаға жеткізуге жол ашады.

Бүгінде Ақтоғайдағы мыс өндіретін зауыттың құрылысы басталып кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы Абай облысындағы Ақтоғай кен орнында мыс балқыту зауытының құрылысын бастау рәсіміне қатысқан еді.

Бұған дейін министр үкіметте өткен отырыста 2026 жылдың он айында өндіріс көлемі 9,3%-ға өскенін баяндаған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар