Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Camry соқтығысып, бір адам қаза тапты

kz.kursiv.media

Алматыда өрт сөндіру көлігі мен Camry соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алматыда өрт сөндіру қызметінің арнайы көлігі мен Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 17 қарашада түнгі сағат 00:40 шамасында Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, шақырту бойынша оқиға орнына бара жатқан. Көше қиылысынан өту кезінде арнайы көлік Toyota Camry автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Ал өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілген.

A post shared by Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты дерегі бойынша Алматы қаласы Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазір оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар