Оралдан Дубайға тікелей рейс ашылады: билет бағасы қанша
Батыс Қазақстан тұрғындары енді Дубайға тікелей ұша алады. FlyArystan Орал – Дубай бағыты бойынша билет сатуды бастады. Алғашқы рейс 2026 жылғы 24 желтоқсанға жоспарланған.
Әуе рейстері аптасына бір рет, бейсенбі күндері орындалады. Оралдан ұшақ таңғы сағат 06:20-да ұшып, Дубайға 11:55-те жетеді. Кері бағыттағы рейс Дубайдан 13:00-де шығып, Оралға 20:25-те қонады.
Оралдан Дубайға билет бағасы 65 мың теңгеден, ал Дубайдан Оралға 66 мың теңгеден басталады.
FlyArystan президенті Йохан Эйдхагеннің айтуынша, компания жолаушыларға сапар кезінде өздеріне қажет қосымша қызметтерді ғана сатып алу мүмкіндігін ұсынады. Мәселен, тіркелетін багажды тасымалдау мен ұшақ салонындағы орынды таңдау қызметтерін билетке қосымша алуға болады.
«Жолаушылар сапарды неғұрлым ерте жоспарласа, билет бағасы соғұрлым тиімді болады. 65 000 теңгеден басталатын билеттер сапарын алдын ала жоспарлайтын жолаушыларға арналған», – деді Йохан Эйдхаген.
Компания президентінің сөзінше, Оралдан Дубайға рейстің ашылуы FlyArystan маршруттық желісін кеңейту жұмысының жалғасы. Бұған дейін әуе компаниясы Ақтаудан да Дубайға тікелей рейстерді іске қосқан.
Билеттерді FlyArystan әуе компаниясының ресми сайтынан және мобильді қосымшасынан сатып алуға болады.
Еске салайық, FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта жандандырады. Алғашқы рейс 2026 жылғы 21 қарашада орындалады.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026