Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Даму» қорының топ-менеджерлері жоспар орындалмаса да 30%-ға артық сыйақы алған

kz.kursiv.media

«Даму» қорының топ-менеджерлері жоспар орындалмаса да 30%-ға артық сыйақы алған

Шағын кәсіпкерлікті қамту көрсеткіші межелі деңгейге жетпегеніне қарамастан, «Даму» қоры топ-менеджерлерінің жалақысы мен сыйақысы 30%-дан астамға өскен. Үкіметте өткен брифингте журналистер қордың басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеевтен Қордың топ-менеджерлеріне сыйақы қандай нәтижелері үшін көтерілгенін сұрады.

Қордың ресми есебінде шағын бизнесті қамту жоспары 1,77% деңгейінде белгіленгенімен, іс жүзінде бұл көрсеткіш 1,39%-ды ғана құраған. Осыған байланысты журналистер басшылықтың сыйақысы қандай нақты нәтижелер үшін өскенін сұрады.

«Даму» қорының басшысы Фархат Сәрсекеевтің айтуынша, 2025 жылы қордың қолдауымен жалпы сомасы 2,2 трлн теңгеге 13 мыңнан астам жоба қаржыландырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Өрлеу», «Іскер аймақ» және тағы басқа жаңа бағдарламалар іске қосылған.

«Бұдан бөлек, біз «Бәйтерек» холдингінің атынан бірыңғай фронт-офис құру бастамасын көтердік. Өз филиалдарымыздың аясында тек «Даму» қорының ғана емес, холдингтің Қазақстан Даму Банкі, Qazaqstan Investment Corporation, «ҚазақЭкспорт», Өнеркәсіпті дамыту қоры сияқты өзге де еншілес ұйымдарының құралдарын біріктірдік. Қызметтерді барынша қолжетімді ету үшін мобильді фронт-офистерді іске қостық», – деді Сәрсекеев.

Қор басшысы проблемалық портфельдер үлесі 1,7%-дан аспайтынын атап өтті.

Оның сөзінше, Директорлар кеңесі мен акционерлер жалақы мен сыйақы мөлшерін өзгерту туралы шешімді дәл осы көрсеткіштер мен жаңа бастамаларды ескере отырып қолдаған.

Айта кетейік, «Даму» кәсіпкерлік қолдау қорының» басшылары 2025 жылы жалпы 315,4 млн теңге сыйақы алған. Қаржы есептілігіндегі ақпаратқа сәйкес, топ-менеджерлерге төленген қаржы бір жылда 35 пайызға артқан. Қор басшыларына 2024 жылы 233,8 млн теңге төленген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар