Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтардың МҚҰ мен ломбардтарға қарызы 1,5 трлн теңгеден асқан

kz.kursiv.media

Қазақстандықтардың МҚҰ мен ломбардтарға қарызы 1,5 трлн теңгеден асқан

Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) несие портфелі 1,585 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері көрсеткіш 84 млрд теңгеге немесе 5,6%-ға ұлғайған. Мерзімі өткен берешегі бар қарыздар көлемі 313,3 млрд теңгеден 336,7 млрд теңгеге дейін өсті.

Тоғыз айда төлемі 30 күнге дейін кешіктірілген несиелердің жалпы көлемі 92,7 млрд теңгеден 140,7 млрд теңгеге дейін артты. Оның ішінде жеке тұлғалардың несиелері қаңтарда 83,6 млрд теңге болса, қазанда 125 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте төлем мерзімі 31-ден 60 күнге дейін кешіктірілген қарыздар 8,9%-ға, ал 61-ден 90 күнге дейінгі берешектер 24,1%-ға қысқарды.

Ал ең ескі қарыздар бойынша жағдай басқаша қалыптасқан. Мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер көлемі жыл басындағы 87,1 млрд теңгеден 1 қазанда 82,7 млрд теңгеге дейін азайды. Жеке кәсіпкер емес жеке тұлғаларда көрсеткіш 77,6 млрд теңгеден 73 млрд теңгеге дейін төмендеді. Айта кетейік, ескі берешектің қысқаруы төлем тәртібінің жақсарғанын білдірмейді. Бұл көрсеткішке қарыздарды өтеу, қайта құрылымдау және есептен шығару сияқты факторлар әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар Ұлттық банк ломбардтар бойынша статистиканы тоқсан сайын жариялайды. Соңғы деректер 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қамтиды. Осы уақыт аралығында ломбардтардағы микрокредиттер портфелі 417,6 млрд теңгеден 453,8 млрд теңгеге дейін немесе 8,7%-ға өсті. Ал мерзімі өткен берешек, керісінше, 107,5 млрд теңгеден 145,6 млрд теңгеге дейін, яғни 35,4%-ға ұлғайды. Оның жалпы портфельдегі үлесі 25,7%-дан 32,1%-ға көтерілді.

Төлемі 90 күннен асып кеткен берешек 6,6 млрд теңгеден 18,5 млрд теңгеге дейін, яғни 2,8 есеге жуық артты. Төлемі 61-ден 90 күнге дейін кешіктірілген қарыздар 4,2 млрд теңгеден 15,9 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте 30 күнге дейінгі мерзімі өткен берешек 81,2 млрд теңгені құрады, бұл қаңтармен салыстырғанда 11%-ға артық, бірақ сәуірдегі көрсеткіштен төмен. Осы кезеңде ломбардтардың ықтимал шығындарға арналған резервтері 6,2 млрд теңгеден 11,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар