Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы метросындағы адам өлімі: бес баланың анасы 7 жылға сотталуы мүмкін

kz.kursiv.media

Алматы метросындағы адам өлімі: бес баланың анасы 7 жылға сотталуы мүмкін

Алматы метросында көзі көрмейтін 26 жастағы ер адамның қаза табуына қатысты сот процесі басталды. Айыпталушы ретінде метрополитеннің бұрынғы қызметкері, бес баланың анасы Майра Болатбекова танылған. Оның жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Kursiv Media Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Алматының Медеу аудандық №2 сотында қаралып жатыр. Болатбековаға Қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бақылаушы көзі көрмейтін жолаушының келгенін станция кезекшісіне хабарлап, оны метро қызметкерінің алып жүруін қамтамасыз етуге тиіс болған.

Алайда Болатбекова бұл міндетін орындамаған деп айыпталып отыр.

Болатбекованың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні ол кассада жұмыс істеген. Аға оператордың өтінішімен турникеттегі бақылаушыны уақытша алмастырған.

Ол жолаушыны платформаға дейін шығарып салуды метроның екі қызметкері мен полиция қызметкерінен сұрағанын, алайда олардың өз бекеттерін тастап кете алмайтынын айтқанын жеткізді. Кейін екі қыз жолаушыға көмектесуге ниет білдірген.

Сондай-ақ Болатбекова сол күні SOS батырмасы жұмыс істемегенін және қызметкерлерде рация болмағанын мәлімдеді.

Айыпталушының адвокаты Нұртуған Өмірзақ тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталмаған деп есептейді. Ол істі қосымша тергеуге қайтаруды сұрамақ.

Марқұмның әкесі Нұржан Байтасовтың айтуынша, ұлы Қанат бесінші сыныпта көру қабілетінен айырылған. Соған қарамастан қалада өз бетінше жүріп, білім алып, жұмыс істеген. Тіпті ипотекаға пәтер сатып алған.

Әкесі ұлының өліміне кінәлі адамдарды жауапқа тартуды сұрады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2024 жылғы 10 желтоқсанда «Абай» метро станциясында болған. 26 жастағы жолаушы рельске құлап, көз жұмған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар