Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада 11-сынып оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуылдады

kz.kursiv.media

Астанада 11-сынып оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуылдады

Астанада мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы екі сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады астаналық полиция департаменті.

Шабуылдан зардап шеккен екі оқушыға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Полиция мәліметінше, шабуыл жасаған оқушы профилактикалық есепке алынып, Психикалық денсаулық орталығының мамандарына тапсырылған. Сондай-ақ оның ата-анасы баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылған.

Бұдан бөлек, оқиғаның себептері мен оған жол берген жағдайларды анықтау үшін қалалық Білім басқармасы мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға ұсыныс жолданды. Құқық қорғау органдары мектеп қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне де құқықтық баға бермек.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар