Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жүргізушісіз көліктердің қозғалысы қалай бақыланады – ереже бекітілді

kz.kursiv.media

Жүргізушісіз көліктердің қозғалысы қалай бақыланады – ереже бекітілді

Қазақстанда жүргізушісіз көліктермен жолаушы мен жүк тасымалдаудың жаңа ережелері бекітілді. Енді мұндай көліктердің қозғалысы бүкіл жол бойы қашықтан бақыланып, өртті автоматты түрде анықтайтын және сөндіретін жүйемен жабдықталуы керек.

Жаңа ережелер Көлік министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы бұйрығымен бекітілді. Құжат 27 қарашадан бастап күшіне енеді.

Ережеге сәйкес, жүргізушісіз көлік жолға шықпас бұрын толық техникалық тексеруден өтіп, жұмысқа дайын болуы тиіс. Оның қозғалысы жолаушылардың қауіпсіздігіне, жүктің сақталуына және жолдағы басқа көліктерге қауіп төндірмеуі керек.

Сондай-ақ мұндай көліктерді кез келген ауа райында жүргізуге болмайды. Оларды тек техникалық мүмкіндіктері мен пайдалану талаптарына сай жағдайда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, жүргізушісіз көліктің қозғалысы бүкіл маршрут бойы қашықтан бақыланады. Егер жолда күтпеген немесе төтенше жағдай туындаса, қандай әрекет жасау керегі де жаңа ережеде көрсетілген.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді такси ретінде пайдалануға рұқсат берілді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар