Олжас Бектенов Көкжайлаудағы тау курортының құрылысын тездетуді тапсырды
Алматыда Almaty SuperSki тау шаңғысы кластерінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазір аспалы жолдардың іргетасын қалау жұмыстары басталған.
Бүгінде Kazakh Tourism Development Ltd француздың POMA компаниясымен бірлесіп аспалы жолдардың іргетасын құю жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жоба талаптарына сай аспалы жол жабдықтарын дайындау басталған.
Құрылысқа отандық кәсіпорындар да тартылмақ. POMA компаниясы 11 аспалы жол салу аясында әлеуетті қазақстандық өндірушілерді бағалап, олардың арасынан қажетті құрылымдық бөлшектерді еуропалық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай шығара алатын кәсіпорынды таңдаған. Бұл отандық өндірісте жаңа технологияларды енгізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Kazakh Tourism Development Ltd директорлар кеңесінің отырысында курорттың сәулеттік және инфрақұрылымдық жобаларын әзірлеуге тартылған халықаралық компаниялардың жұмысы да қаралды.
Атап айтқанда, швейцариялық Blumer-Lehmann компаниясы негізгі және жоғарғы стансалардың ағаш тірек конструкцияларын жобалау, өндіру және монтаждау жұмыстарын техникалық сүйемелдеумен айналысады.
Ал даниялық Bjarke Ingels Group компаниясы таудағы ауылдың тұжырымдамасын әзірлейді. Бұл компания 24 халықаралық ұйым қатысқан конкурстың нәтижесінде таңдалған. Жобаға тау шаңғысы курорттарын жоспарлау саласында тәжірибесі бар канадалық ecosign компаниясы да тартылған. Оның мамандары 46 елде 1 мыңнан астам жобаны жүзеге асырған.
Премьер-министр Олжас Бектенов жобаны халықаралық стандарттарға сай жүзеге асыру және құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтті. Ол жауапты тұлғаларға курортты 2028 жылдың желтоқсанында іске қосу жөнінде тапсырма берді.
Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты бірнеше рет қоғамдық тыңдаулар өткен.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 17
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026