Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еурокомиссия Temu маркетплейсін қауіпті тауарларды бақыламайды деп айыптады

kz.kursiv.media

Еурокомиссия Temu маркетплейсін қауіпті тауарларды бақыламайды деп айыптады

Еуропалық комиссия қытайлық Temu онлайн-платформасы заңсыз әрі қауіпті өнімдердің сатылуына тиісті деңгейде тосқауыл қоймай отыр деген алдын ала қорытындыға келді.

Euronews хабарлауынша, енді компанияға әлемдік жылдық айналымының 6%-на дейін айыппұл салынуы мүмкін. Тергеу барысында платформаның қауіпсіздік жүйесінен бірқатар олқылықтар анықталған.

Атап айтқанда, Temu сатушылардан сынақ хаттамаларын тек шектеулі тауарларға ғана талап етеді, ал тапсырылған құжаттардың өзі үнемі тексеріле бермейді. Әсіресе электроника мен косметика сияқты қаупі жоғары өнімдер бақылаусыз қалған.

Платформадағы тауар түрлері көбейгенімен, оларды тексеретін мамандар саны өспеген. Ереже бұзған жағдайда сатушының өзі емес, тек жекелеген дүкені ғана бұғатталады. Бұл оларға басқа аккаунт арқылы сауданы жалғастыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Temu өкілдері реттеуші органның бұл тұжырымымен келіспейтінін мәлімдеді. Компания қауіпсіздік талаптарын сақтау мен бақылау тетіктерін жетілдіруге қомақты қаржы бөліп жатқанын алға тартты.

Еске салайық, 2026 жылдың мамыр айында Еурокомиссия қауіпті ойыншықтар мен ақауы бар қуаттағыш құрылғыларды сатқаны үшін Temu-ға 200 млн еуро айыппұл салған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар