Қостанайда мектепте оқушыны зорлау туралы арызды полиция тексеріп жатыр
Қостанай облысы полиция департаменті мектеп дәретханасында оқушыға қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арыз бойынша тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланған.
«НеМолчи.kz» қорының мәліметінше, екі алтыншы сынып оқушысы дәретханада бесінші сынып оқушысына қатысты зорлық жасаған. Болған жайтты жоғары сынып оқушысы байқап, бұл туралы жәбірленуші баланың ағасына айтқан. Мекеме директоры полицияға жүгінгені, баланың анасы да арыз жазғаны белгілі.
Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын растады.
«Барлық мән-жай мұқият тексеріліп жатыр. Мерзімінен бұрын қорытынды жасамауды сұраймыз. Еске саламыз: жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі жауапкершілік қарастырылған. Тергеу жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.
Тергеу мүддесі үшін полиция өзге ақпаратты жарияламайды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026