Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Асу Алмабаев пен Кедзи Хоригутидің жекпе-жегі үміткерлік шайқас деп танылды

kz.kursiv.media

Асу Алмабаев пен Кедзи Хоригутидің жекпе-жегі үміткерлік шайқас деп танылды

UFC ұйымы 21 қарашада Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турниріне шолу жариялады. Негізгі кардтың басты жекпе-жектерінің бірінде қазақстандық Асу Алмабаев пен жапониялық Кедзи Хоригути кездеседі.

Ұйым бұл кездесуді үміткерлік жекпе-жек (title eliminator) ретінде қарастырып отыр. Жеңімпаз дивизион чемпионы Джошуа Ванмен жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.

36 жастағы «Каратэ-бала» лақап атымен танымал Хоригути былтыр қарашада Катарда UFC-ге оралған болатын. Ол Тагир Уланбековті үшінші раундта сабмишнмен жеңіп, кейін Амир Альбазиден басым түсті. Ал маусымда Манел Капеге есе жіберді.

Алмабаев екінші жыл қатарынан Катардағы UFC турнирінде өнер көрсетеді. Былтыр ол Алекс Пересті үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген еді. Маусымда қазақстандық Чарльз Джонсонды сирек қолданылатын «Сулоев созылуы» әдісімен ұтып, UFC-дегі рекордын 7-1-ге жеткізді. Хоригутиді жеңсе, ол алғаш рет титулға басты үміткерлер қатарына енеді.

Турнирде Қазақстан атынан тағы бір спортшы – жартылай ауыр салмақтағы Дияр Нұрғожай өнер көрсетеді. Ол алдын ала кардта Алик Лоренцпен кездеседі.

Кештің басты жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Иржи Прохазка мен Навахо Стирлинг кездеседі.

Турнирдің алдын ала жекпе-жектері 21 қарашада Қазақстан уақытымен 20:00-де, ал негізгі кард 23:00-де

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар