Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бахрейн ирандық дрондардың кезекті шабуылына тойтарыс берді

kz.kursiv.media

Бахрейн ирандық дрондардың кезекті шабуылына тойтарыс берді

АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің ушығуы аясында Парсы шығанағындағы Бахрейн аумағында орналасқан әскери нысандарға тағы да шабуыл жасалды.

Бахрейн Қарулы күштерінің мәліметінше, 17 қараша күні Шейх Иса авиабазасындағы америкалық радиолокациялық станцияға бағытталған ирандық ұшқышсыз ұшу аппараттары әуеде атып түсірілген. Шабуылды Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) өз мойнына алып, мұны америкалық дрондардың Иран әуе кеңістігін үнемі бұзуына берілген жауап деп түсіндірді.

Өз кезегінде АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) шабуыл фактісін растап, барлық дрондардың сәтті жойылғанын хабарлады.

«Бүгін Бахрейн бағытына ұшырылған бірнеше соққы беруші дрондар қағып түсірілді. Америкалық техникаға зақым келген жоқ, АҚШ әскери қызметшілері арасында зардап шеккендер жоқ», – делінген мәлімдемеде.

Шабуыл алдында Бахрейн Ішкі істер министрлігі тұрғындарды жақын маңдағы қауіпсіз орындарға жасырынуға шақырып, шұғыл ескерту жариялаған болатын. Кейін ел астанасы Манамада жарылыс дыбыстары естілді.

Айта кетейік, осыған дейін Қатар билігі АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелді деген қауесетті жоққа шығарған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар