Ресейде Ан-12 ұшағы апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты - БАҚ
17 қараша күні кешке Ресейдің Кемерово облысындағы Ягуново ауылының маңында әуе апаты болды. Бұл туралы облыс губернаторы Илья Середок әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Оқиға орнына шықтым. Қазір онда жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өңір тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілуде», – деп жазды губернатор.
Оның айтуынша, апаттың мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Жергілікті басылымдардың мәліметінше, апатқа ұшыраған – әскери Ан-12 ұшағы. Бортта болған 17 адамның барлығы қаза тапқан.
Белгілі болғандай, ұшақ Новосібірден Канск қаласына бағыт алған. Ол әуеайлаққа шамамен бес шақырым жетпей, егістік алқапқа құлаған. Ұшақ сынықтары 500 метр радиусқа шашылып кеткен. Бортта қауіпті жүк болмаған, жерде қираған нысандар жоқ.
Алдын ала деректер бойынша, апатқа қозғалтқыштың өртенуі себеп болған. Ұшақ моторының бірі әуеде отқа оранып, әуе кемесі төмен қарай күрт құлдилаған. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, экипаж соңғы сәтке дейін жанып жатқан ұшақты тұрғын үйлерден әрі қарай бұруға тырысқан.
Әзірге ұшақтың түрі мен қаза тапқандар саны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
17 қараша 2026