Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

27 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер Ресейде ұсталды

kz.kursiv.media

27 жыл бойы жасырынып келген қылмыскер Ресейде ұсталды

Павлодар облысының полицейлері жыл басынан бері іздеуде жүрген 73 қылмыскерді қолға түсірді. Олардың арасында 1999 жылы Павлодар қаласында қарақшылық шабуыл жасап, 27 жыл бойы Мәскеуде жасырынып жүрген күдікті де бар.

ІІМ мәліметінше, 2026 жылдың 10 айында барлығы 82 қылмыскер іздеуде болды. Оның ішінде 62 қылмыскерді полицияның аумақтық бөлімшелері биыл іздеуге жариялаған.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген 73 қылмыскер анықталды. Олардың біреуі адам өлтіргені үшін, 3-еуі қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, 3-еуі тонау жасағаны үшін іздеуде болған.

Сондай-ақ павлодарлық полицейлер шет мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздестіріп жатқан 31 күдіктіні облыс аумағынан тапқан. Ал шетелде бой тасалап жүрген 7 қазақстандықтың ізіне түскен.

Атап айтқанда, Павлодар облысы криминалдық полиция басқармасының жедел-іздестіру тобы Ресей ІІМ жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралар жүргізу барысында Мәскеу қаласында іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ол 1999 жылдан бері Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуыл үшін полициядан бой тасалап, ұзақ уақыт бойы іздеуде жүрген.

Бұған дейін Қарағанды облысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды. Ол 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар