Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

5 мыңнан көп жазылушысы бар блогерлер мемлекеттік органға тіркеу ұсынылды

kz.kursiv.media

5 мыңнан көп жазылушысы бар блогерлер мемлекеттік органға тіркеу ұсынылды

5 мыңнан астам жазылушысы бар блогерлерді уәкілетті мемлекеттік органға тіркеліп, өздері туралы мәлімет ұсынуға міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді.

Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік желіде 5 мыңнан астам аудитория жинаған блогерлер мемлекеттік органға тіркеліп, өзі туралы ақпарат беруі керек.

Сонымен қатар онлайн-курс авторларына да жаңа талап қойылмақ. Олар ұсынатын білім беру курстарында өздерінің білімі мен біліктілігі туралы мәліметті, яғни дипломы немесе сертификаты бар екенін көрсетуі тиіс.

Ал балгерлер мен эзотерика саласында қызмет көрсететіндер контентінің ойын-сауық сипатында екенін және ғылыми тұрғыдан расталмағанын ескертуі қажет.

Заң жобасында мемлекеттік органдардың заңсыз контентті, соның ішінде балаларға қатысты кибербуллинг материалдарын жою туралы талаптарын орындамаған онлайн-платформаларға айыппұл салу ұсынылған.

Айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың санатына және қайталануына қарай 50-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін жетуі мүмкін.

Министрдің айтуынша, 2026 жылы онлайн-платформаларға 128 мыңнан астам материал бойынша шара қабылдау туралы талап жіберілген. Алайда олардың шамамен 70%-ы ғана өшірілген.

Осыған байланысты заң жобасы платформалардың заң талаптарын орындау жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Құрылтай депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ТағыӘлеуметтік желі мен БАҚ-та балағат сөз қолдану ұсақ бұзақылыққа теңестірілмек

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар