«Buyers Union»: 332 адамды алдаған қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды
Елдегі «Buyers Union» қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген бес адамға қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер заңсыз қызметін жасыру үшін тұтыну кооперативі мәртебесін пайдаланған. Олар ірі бизнес орталықтарынан кеңселер жалдап, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Тараз, Шу, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ басқа елді мекендерде бөлімшелер ашқан.
ҚМА хабарлағандай, олар әлеуметтік желілер мен интернет платформаларында азаматтарға баспана немесе автокөлік сатып алуға пайызсыз қарыз беру, қолданыстағы несиелерін қайта қаржыландыру және Trade-in бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін ұсынған.
Алайда мұндай қаржыландыруды алу үшін кооперативке жаңа мүшелер тартуды талап еткен. Азаматтар бастапқы жарнасын төлегеннен кейін кезекке тұрған. Ал кезектің жылжуы жаңадан қосылған қатысушылардың салған қаражатына байланысты болған.
Кооператив мүшелерімен жұмыс істеу үшін «TrustContact» және «TrustMe» цифрлық платформалары қолданылған. Бұл жүйелер арқылы келісімшарттар жасалып, қатысушылар өз қаражаты мен кезектің қозғалысын бақылай алған.
Агенттік мәліметінше, кооператив атынан 332 азаматпен жалпы сомасы 562 млн теңгеден асатын келісімшарт жасалған.
Соттың санкциясымен алты автокөлікке, 5 513 USDT және 1 003 Futeres көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. Тергеудің өзге мәліметтері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Тағы да оқыңыз: 78 алматылықтың 110 млн теңгесін қағып алған пирамида бойынша тергеу аяқталды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 17
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026