Онлайн-курс сататындар дипломын, балгерлер қызметін ескертуге міндеттеледі
Әлеуметтік желі арқылы білім беру курстарын ұсынатындар өз білімі туралы ақпарат беруге міндеттелуі мүмкін. Сондай-ақ балгерлер, астрологтар және басқа да оккульттік қызмет көрсетушілер өз контентінің ғылыми тұрғыдан расталмағанын ескертуі тиіс. Бұл талаптар онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасында қамтылған.
Мәдениет және ақпарат министрі Араман Қырықбаевтың айтуынша, ұсынылып отырған өзгерістер азаматтарға білім беру контентін тарататын адамдардың тиісті білімі бар-жоғын және оккульттік қызметтердің сипатын түсінуге мүмкіндік беруі керек.
«Ұсынылып отырған талаптардың мақсаты – азаматтарға білім беру курстарын тарататын тұлғалардың тиісті білімі бар-жоғы, сондай-ақ ұсынылатын оккульттік қызметтердің сипаты туралы ақпарат алу мүмкіндігін беру», – деді министр.
Заң жобасына сәйкес, әлеуметтік желілерде білім беру курстарын немесе белгілі бір сала бойынша оқыту материалдарын жариялайтындар контентті дипломы немесе сертификаты туралы мәліметпен сүйемелдеуі керек.
Ал оккульттік қызметтер туралы жарияланымдарда олардың ойын-сауық сипаты және ғылыми немесе практикалық тұрғыдан расталмағаны туралы ескерту берілуі мүмкін.
Министрдің сөзінше, бұл бағыттағы өзгерістер интернетте таралатын ақпараттың ашықтығын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 17
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026