Шымкент полициясы оқушыларға криминалистика саласын таныстырды
Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкерлері №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында ерекше танымдық дәріс өткізді. Бұл шара полиция мен қоғам арасындағы байланысты нығайту, құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру, құқық қорғау қызметінің ерекшеліктерін таныстыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға криминалистика саласының ерекшеліктері түсіндіріліп, заманауи криминалистикалық техникалар мен арнайы құралдар таныстырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, полиция қызметіне қызығушылығын ояту және кәсіби бағдар беру.
Кездесу барысында оқушыларға криминалистика саласының негіздері мен оның күнделікті өмірде алатын орнын түсіндірілді. Криминалистика, кез- келген қылмыстың шешіміне бағытталған ғылым ретінде, тек қана зерттеулермен шектелмей, адам мен қоғамның қауіпсіздігі үшін маңызды рөл атқаратынына назар аударылды.
Жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері оқушыларға криминалистикалық білімнің маңыздылығын және оның цифрландырылған замандағы жаңа мүмкіндіктерін түсіндірді. Қазіргі замандағы технологилардың көмегімен жедел зерделеудің мүмкіншіліктері мен криминалистикадағы жаңалықтар туралы әңгімелеп берді. Оқушылар үшін дайындалған презентация барысында заманауи криминалистикалық техникалар, оның ішінде DNA талдау, саусақ іздерін алу, цифрлық зерттеулер және тағы да басқа жаңа құралдар таныстырылды.
Дәріс барысында оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Олар әрбір криминалистикалық әдістің артықшылықтарын, қолдану салаларын және сонымен қатар кәсіби маман болып қалыптасудағы маңыздылығын сұрап, белсенді түрде пікір алмасты. Криминалистиканың тек қоғамдағы кез-келген қылмыстың, зорлық-зомбылық қылмыстарын зерттеумен шектелмейтінін, сонымен қатар көлік апаттары, экономикалық қылмыстар және киберқұқықбұзушылықтарды да қамтитынын түсінді.
Шараның нәтижесінде оқушылар полиция қызметіне қызығушылықтарын арттыру мәселесіне назар аударылды. Оларға құқықтық сауаттылықты арттырудың, құқық қорғаушы мамандықты таңдау кезінде ақпараттылықтың, сондай-ақ заманауи технологиялардың құқық қорғаудағы рөлінің маңызды екені жеткізілді. Мектеп гимназиясының директоры бұл істі жоғары бағалады және осындай кездесулерді болашақта да жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Танымдық дәріс – жастар арасында құқық қорғау қызметін насихаттаудың, полиция мен қоғам арасындағы байланыс орнатудың маңызды қадамы. Оқушыларға криминалистика әлемі мен құқық қорғау ісі туралы тереңірек түсінік берілген бұл шара, қызығушылығы жоғары жастарға болашағын осы саламен байланыстыруға және мүмкіншіліктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Шымкент қаласындағы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы осындай танымдық шараларды жыл сайын өткізу арқылы жастардың құқық қорғау саласындағы білімін толықтыруды және болашақта кәсіптік бағдар беруді жалғастыра берері сөзсіз. Алдағы уақытта Шымкент қаласындағы басқа да білім бесіктерінде осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады. Дәл осы криминалистика саласы, қылмысты ашуда, ізге түсуде, осы саланың құпия қатпарлары оқушылардың зор қызығушылығын тудырып отыр. Шымкент қалалық Полиция басқармасы да, білім басқармасы да, мектеп әкімшіліктері де қылмыстың алдын алуда осы сарындас іс шараларды көптеп өткізудің тиімділігін түйсініп отыр.
- Соңғы
- Қараша, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026