Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Мемлекет мүддесіне қайшы»: Бектенов министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

kz.kursiv.media

«Мемлекет мүддесіне қайшы»: Бектенов министрлер мен әкімдерге ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов бюджеттен бөлінген қаражатты игеру кезінде қазақстандық компаниялар мен отандық өнімге басымдық беру керегін айтты. Ол үкімет мүшелері мен өңір әкімдеріне осы қағиданы қатаң сақтауды тапсырды.

«Бюджеттен бөлінген қаражатты қазақстандық компания игеруі керек. Ал сол ақшаға сатып алынатын материалдар да отандық болуы тиіс. Болды, оп-оңай қағидат. Оны барлығымыз ұстануымыз керек», – деді үкімет басшысы.

Оның айтуынша, егер белгілі бір тауар Қазақстанда өндірілсе, оны сатып алмай, шетелден импорттау мемлекет мүддесіне қайшы келеді.

«Мұны үзілді-кесілді айту керек. Өңір басшылары мен үкімет мүшелері, осыны ескеріңіздер», – деп ескертті Олжас Бектенов.

Биыл Қазақстанда жалпы құны шамамен 1,7 трон теңгені құрайтын 200-ге жуық жаңа өнеркәсіптік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.

Тағы да оқыңыз: Мұнай-газ саласына қажет өнім шығаратын 15 өндіріс орны құрылмақ

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар