Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарашығанақта өндіріс көлемін сақтау үшін жаңа компрессор іске қосылды

kz.kursiv.media

Қарашығанақта өндіріс көлемін сақтау үшін жаңа компрессор іске қосылды

Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кен орнында алтыншы газ компрессоры пайдалануға берілді. БҚО әкімдігінің хабарлауынша, жаңа қондырғы жылына 4 млрд текше метрге дейін газды жер қабатына кері айдауға қауқарлы.

Бұл технология қабаттағы қысымды ұстап тұруға мүмкіндік береді. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының есебінше, компрессордың іске қосылуы мұнай өндіру көлемін жылына 10–11 млн тонна деңгейінде сақтауға жол ашады. Маусым айында техникалық сынақтан өткен жобаның толық пайдалануға берілуімен Қарашығанақты кеңейтудің бірінші кезеңі аяқталды.

Құрылыс жұмыстарына 2 мыңға жуық жергілікті тұрғын тартылған. Ұлттық компания дерегінше, жобадағы қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 39,3%-ды ($153 млн) құрады.

«Мемлекет басшысы компанияның өңірдегі әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз етуге қосқан үлесіне оң баға берді», – деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев.

Айта кетейік, осыған дейін «Қазбурғаз» АҚ Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында RIG 17 мобильді бұрғылау қондырғысын пайдалануға берген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар