Роберт Паттинсон жаңа фильмде Джеймс Бондтың рөлін сомдайды
Британдық актер Роберт Паттинсон Джеймс Бонд туралы жаңа фильмде аты аңызға айналған агенттің рөлін сомдайды. Бұл туралы Amazon MGM киностудиясы мәлімдеді деп жазады ВВС.
Джеймс Бонд жайлы кезекті фильмнің режиссері «Дюнаны» Дени Вильнёв болады. Ал сценарийін «Өткір телпектер» (Peaky Blinders) сериалының авторы Стивен Найт жазады. Фильм түсірілімі 2027 жылы басталады деп жоспарланған. Ал премьерасы 2028 жылы өтуі мүмкін.
Джеймс Бондтың рөліне бес актер үміткер болған. Олардың қатарында Роберт Паттинсоннан бөлек Николас Холт, Каллум Тернер, Джош О’Коннор және Джек Лауден болған.
Инсайдерлер мәліметінше, Паттинсонның кандидатурасын режиссер Дени Вильнёвтің өзі қолдаған. Айта кетейік, актер мен режиссер «Дюна» фильмінің үшінші бөлімінде бірге жұмыс істеген. ВВС жазуынша, Паттинсонды басты рөлге таңдап алуға оның танымалдылығы да себеп болған. Киностудия картина қомақты касса жинайды деп жоспарлап отыр.
Джеймс Бондтың рөлін соңғы рет Дэниел Крейг сомдады. Ол 2006 жылы жарық көрген «Казино Рояль» фильмінен бастап барлығы бес бөлімге түсті. Актер қатысқан соңғы фильм 2021 жылы көрерменге жол тартты.
Роберт Паттинсон 1986 жылы Лондонда дүниеге келген. Оның алғашқы ірі рөлдерінің бірі 2005 жылы жарық көрген Гарри Поттер фильміндегі Седрик Диггори бейнесі болды. Кейін актер Кристофер Ноланның «Довод» фильмінде ойнады. Ал 2022 жылы режиссер Мэтт Ривз түсірген «Бэтмен» фильмінде басты кейіпкерді сомдады. Биыл Паттинсон Ноланның «Одиссея» фильмінде де көрінді. Онда ол Одиссейдің басты қарсыласы Антинойдың рөлін ойнады.
- Соңғы
- Қараша, 17
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026