Трампқа қастандық ұйымдастырмақ болған пәкістандық 27 жылға сотталды
Пәкістан азаматы Асиф Мерчант АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық ұйымдастыруға әрекет жасағаны үшін 27,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы АҚШ әділет министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, Бруклиндегі федералдық сот 48 жастағы Асиф Мерчантты 330 айға (27,5 жыл) бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Ол ұлттық шекарадан тыс террористік акт жасауға әрекеттенгені және жалдамалы кісі өлтіруді ұйымдастырмақ болғаны үшін кінәлі деп танылды.
Мерчант өзі Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) қатарына қосылғанын және сол ұйымның атынан әрекет еткенін айтқан. Оның негізгі нысанасы сол кездегі АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп болған. Сонымен қатар ол сол кездегі мемлекет басшысы Джо Байден мен АҚШ-тың БҰҰ жанындағы бұрынғы тұрақты өкілі Никки Хейлиді де нысанаға алуды жоспарлаған.
Тергеу дерегіне сәйкес, Мерчант 2024 жылы АҚШ-қа келгеннен кейін қастандық ұйымдастыруға көмектесуі мүмкін танысымен байланысқа шыққан. Алайда танысы оның жоспары туралы Федералдық тергеу бюросына (FBI) хабарлап, тергеумен ынтымақтаса бастаған.
Оның көмегімен Мерчант жалдамалы кісі өлтірушілермен байланыс орнатқан. Алайда олар шын мәнінде FBI -дің жасырын қызметкерлері болған. 2026 жылы Мерчант оларға тапсырысты орындау үшін алдын ала ақша берген. Осыдан кейін көп ұзамай ол қамауға алынды.
Бұл АҚШ президенті Дональд Трампқа жасалған алғашқы қастандық әрекеті емес. 2024 жылдың 13 шілдесінде Трампқа шабуыл жасалды. Атылған оқ президенттің құлағын жанып өтіп, ол жарақат алды.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қараша, 17
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026