Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027 жылғы бюджет шығысы 262,6 млрд теңгеге артады: қаржы қайда жұмсалмақ

kz.kursiv.media

2027 жылғы бюджет шығысы 262,6 млрд теңгеге артады: қаржы қайда жұмсалмақ

2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар келесі жылдың шығыстарын тағы 262,6 млрд теңгеге ұлғайтты. Қосымша қаражаттың басым бөлігі ең төменгі жалақы мен емхана дәрігерлерінің айлығын өсіруге, шекарадағы өткізу пункттерін жаңғыртуға және Астанаға су құбырын тартуға жұмсалмақ. Бұл туралы Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысында айтылған.

Заң жобасы 14 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Екінші оқылымға дайындық барысында депутаттар жалақыны өсіруге, денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылымдық жобаларға қосымша қаражат бөлуді ұсынды.

Президент тапсырмаларын орындауға 2027 жылы қосымша 114,1 млрд теңге қарастырылды. Бұл соманың 75,9 млрд теңгесі ЕТЖ-ны көтеруге, 20 млрд теңгесі алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметкерлерінің жалақысын өсіруге, тағы 600 млн теңгесі мектептерге жасанды интеллектті енгізуге бағытталады.

Айта кетейік Президент өзінің жолдауында елдегі ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтеруді тапсырған еді.

Президенттің өзге де мақсатты тапсырмаларын орындауға бюджетте бөлек 101,5 млрд теңге қарастырылды. Атап айтқанда, Сәтпаев атындағы каналдан Астанаға дейін су құбырын жүргізуге 34,5 млрд теңге бөлінбек.

Сондай-ақ шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту мен техникалық жарақтандыруға 21,9 млрд теңге бағытталады.

Бұдан бөлек, «Балқаш» АЭС жобасы бойынша іздестіру жұмыстарына 16,2 млрд теңге, Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің штатын көбейтіп, қажетті техника сатып алуға 5,5 млрд теңге, ал басқа да мақсаттарға 26,6 млрд теңге жұмсалмақ.

Бұдан бөлек, депутаттар өңірлердегі инфрақұрылымдық жобаларды қолдау үшін тағы 47 млрд теңге қосты. Оның жартысынан көбі — 28,1 млрд теңгесі жылу, газ және электр энергетикасы саласына бағытталады. Арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға — 6,5 млрд, сумен жабдықтауға — 4,9 млрд, ал денсаулық сақтау нысандарына, әуе көлігі мен ТЖМ инфрақұрылымына 2,5 млрд теңгеден бөлінбек. Нақты қай әуежайлар мен экономикалық аймақтар қаржыландырылатыны құжатта көрсетілмеген.

Қосымша шығыстар Президент пен Үкімет резервтері, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету шығындарын қысқарту есебінен жабылады. Бұған қоса, мемлекеттік органдар арасында бюджет қаражатын бір бағыттан екіншісіне қайта бөлу арқылы 135,5 млрд теңге қайта үлестірілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар