Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Дженсен Хуанг отставкасынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

kz.kursiv.media

Дженсен Хуанг отставкасынан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Nvidia компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуанг бас директор қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады. Жеке өміріне қатысты жанжалға қарамастан, кәсіпкер технологиялық компанияны қайта басқаруға дайын екенін жеткізді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

17 қарашада Nvidia-ның бұрынғы басшысы қызметінен кеткеннен кейін алғаш рет көпшілік алдында мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде компания қызметкерлері, инвесторлар, іскерлік серіктестер мен клиенттер оған бас директор қызметіне қайта оралу туралы өтініш білдірген.

Хуанг директорлар кеңесі мұндай шешімді акционерлердің, қызметкерлердің, Nvidia компаниясының және АҚШ-тың мүддесіне сай деп тапса, қызметіне қайта оралуға дайын екенін айтты.

Дженсен Хуанг қызметінен неге кетті?

Дженсен Хуанг 2026 жылғы 12 қарашада некеден тыс қарым-қатынасы туралы ақпарат тарағаннан кейін Nvidia бас директоры қызметінен кетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары оның Қытайдың арнайы қызметтерімен байланысы болуы мүмкін деген күдікке ілінген Элис Хуангпен қарым-қатынасы туралы жазды. Сондай-ақ кәсіпкердің Nvidia қызметкерлерінің бірімен байланысы болғаны хабарланды.

Жанжалдан кейін компанияның директорлар кеңесі тәуелсіз тергеу бастады. Алайда Элис Хуангтың Қытай барлау қызметімен байланысы дәлелденген жоқ.

Reuters агенттігінің жағдайдан хабардар үш дереккөзінің мәліметінше, компанияның директорлар кеңесі әзірге Хуангты қызметіне қайта тағайындау мәселесін қарастырып жатқан жоқ.

Кәсіпкерді миллиардер Илон Маск пен АҚШ президенті Дональд Трамп та қолдаған.

Қазір Nvidia бас директорының міндетін компанияның қаржы директоры Колетт Кресс уақытша атқарып жатыр.

Сонымен қатар 17 қарашада компания ұлттық қауіпсіздік пен экспорттық шектеулердің сақталуын қадағалайтын арнайы комитет құрылғанын мәлімдеді.

Дженсен Хуангтың төңірегіндегі жанжал компанияның нарықтық құнының төмендеуімен тұспа-тұс келді. Reuters мәліметінше, қазан айындағы ең жоғары көрсеткішпен салыстырғанда чип өндіруші компанияның нарықтық капитализациясы шамамен 2 трлн долларға немесе 35 пайызға азайған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар