Иранда 13 мұнайшының қазасынан кейін наразылық акциялары басталды
Иранның батысындағы Абданан қаласының тұрғындары 17 қарашада мұнай-газ саласының 13 қызметкері жол апатынан қаза тапқаннан кейін көшеге шықты.
Жерлеу рәсімінен соң, басталған акцияға мыңға жуық адам жиналып, апатқа кінәлілерді жауапқа тартуды және шенеуніктерді отставкаға жіберуді талап етті. Көшеге шыққандардың кейбірі үкіметке қарсы ұрандар көтерді.
Hengaw құқық қорғау ұйымының хабарлауынша, полиция көзден жас ағызатын газ қолданып, қақтығыс басталған. Кемінде жеті адам ұсталып, оның екеуі (біреуі 15 жастағы жасөспірім) кейін босатылды. Акция кезінде аймақта интернет үзілген.
14 қараша кешке мұнайшылар мінген автобус аударылып, 13 адам қаза тауып, 17-сі жарақат алған. Жол полициясы апатқа үш себепті атады:
Прокуратура кәсіпорынның бас директоры мен провинцияның жол қызметі басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ел билігі Илам провинциясы мен Абданан уезінде аза тұту күндерін жариялады.
Айта кетейік, осыған дейін Сауд Арабиясының ұлттық кеме қатынасы компаниясына тиесілі мұнай танкеріне Иран тарапынан шабуыл жасалып, салдарынан филиппиндік екі теңізші қаза тапқан еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
18 қараша 2026