Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

kz.kursiv.media

«Қайраттың» 14 футболшысы Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды

Алматылық «Қайрат» футбол клубының 14 ойыншысына «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Марапатталғандар қатарында Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтпаев және Шерхан Қалмұрза бар, деп хабарлайды Kursiv Media.

Марапаттау рәсімі Т. С. Сегізбаев атындағы футбол академиясында өтті. Құрметті атақты ойыншыларға клубтың бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, бас директоры Асқар Есімов, сондай-ақ Қазақстан футболының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Ваит Талғаев табыстады.

Темірлан Анарбеков, Дамир Қасабұлат, Әділет Садыбеков, Еркін Тапалов, Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лев Кургин, Олжас Байбек, Азамат Туяқбаев, Шерхан Қалмұрза, Мансур Бірқұрманов, Мұхамедәли Әбіш, Рамазан Бағдат, Дастан Сәтпаев.

Марапаттау рәсімінен кейін футболшылар академияның жас тәрбиеленушілері алдында сөз сөйлеп, оларға спортта биік белестерді бағындыруды тіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар