Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ташкентте қала ішіндегі каналдан қолтырауын табылды (видео)

kz.kursiv.media

Ташкентте қала ішіндегі каналдан қолтырауын табылды (видео)

Өзбекстан астанасындағы Қарасу каналынан әлемдегі ең қауіпті жыртқыштардың бірі саналатын Ніл қолтырауынының төлі табылды. Жорғалаушы Ташкент хайуанаттар бағына жеткізілді, деп хабарлайды Gazeta.uz басылымы.

Каналдан табылған қолтырауынның ұзындығы шамамен 40 сантиметр, жасы бір жылға жуық. Бауырымен жорғалаушы қатты тоңып, ауыр халге түскен. Мамандардың айтуынша, қолтырауын мұндай жағдайда өздігінен тіршілік ете алмас еді. Қазір ол Ташкент хайуанаттар бағында оңалтудан өтіп жатыр.

Хайуанаттар бағының қызметкерлері қолтырауынның қалалық каналға қалай тап болғанына қатысты болжамын айтты.

«Қолтырауын суға өздігінен түсе алмаған. Ол біреудің үйінен қашып кеткен болуы мүмкін немесе оны бағудан бас тартқан адам суға тастап кеткен болуы ықтимал», – деді хайуанаттар бағының қызметкерлерінің бірі.

A post shared by Toshkent hayvonot bog'i 🐾 (@tashkent_zoo)

Ніл қолтырауыны – әлемдегі ең қауіпті қолтырауын түрлерінің бірі. Оның ұзындығы 4,5 метрге, салмағы 500 келіге дейін жетеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы – 50 жыл.

Айта кетейік, Өзбекстанда жеке тұлғаларға жабайы жануарларды үй жағдайында ұстауға, сондай-ақ оларды цирк қойылымдарында пайдалануға тыйым салынған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар