Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстан Қазақстан экспорттаған сусынның жартысынан көбін сатып алды

kz.kursiv.media

Қырғызстан Қазақстан экспорттаған сусынның жартысынан көбін сатып алды

Қазақстан биыл тоғыз айда шетелге 179,5 млн долларға 393 мың тонна сусын сатты. Экспорт құнының жартысынан көбі Қырғызстанға тиесілі. Өзбекстанды қосқанда, осы екі елдің үлесі 83,7%-ға жетті. Kursiv Media қазақ сусындарын көбіне қай елдер сатып алатынын анықтады.

Қаңтар–қыркүйекте Қырғызстанға 92,8 млн доллардың сусыны жөнелтілді. Өзбекстан 57,4 млн доллармен екінші орынға шықты. Үшінші орында Ресей тұр. Бұл елге сатылған сусынның құны 15,1 млн долларға жетті.

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек · Экспорт құны, АҚШ доллары

179,47 млн доллар · 393,1 мың тонна

Алдын ала дерек · СЭҚ ТН 2201–2206, 2208

Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы ·

Қазақстан шетелге 154,5 млн доллардың алкогольсіз сусынын сатты. Бұл санатқа лимонад, энергетикалық сусындар және басқа да алкогольсіз сусындар кіреді. Сыра экспорты 13 млн доллар, су экспорты 6,1 млн доллар болды. Спиртті ішімдіктер 5,3 млн долларға, ал шарап, вермут, сидр және осы топтағы өзге сусындар 593 мың долларға сатылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар