Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин, Си Цзиньпин және Трамп: үш держава басшылары Қытайда бас қосты

kz.kursiv.media

Путин, Си Цзиньпин және Трамп: үш держава басшылары Қытайда бас қосты

Үш ірі державаның көшбасшылары Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында бас қосты.

Онда Ресей лидері Владимир Путин, АҚШ президенті Дональд Трамп және ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өзара қол алысып, бейресми түрде қысқаша әңгімелескен.

Бұл салтанатты кеш АТЭЫ саммиті аясында жиналған жетекші елдер басшыларының бетпе-бет кездесулеріне бастама болды. Ал осы шараға дейін, 18 қарашада Владимир Путин мен Си Цзиньпин бөлек кездесіп, Украинадағы жағдайды реттеу жайын және басқа да мәселерді талқылаған.

18 қарашада Си Цзиньпин Қытайға келген Дональд Трампты әуежайда жеке қарсы алды. Екі көшбасшы қол алысып, қысқаша тілдесті.

Осы күні Си Цзиньпин мен Владимир Путин де жеке кездесу өткізіп, келіссөз жүргізді. Бұл олардың биылғы бесінші кездесуі.

19 қарашада Қытайда Путин, Си Цзиньпин және Трамп бір үстел басына жиналады. Бұл Ресей, АҚШ және Қытай басшыларының бұрын-соңды болмаған үшжақты кездесуі болмақ. Онда саясаткерлер жаһандық қауіпсіздік, қару-жарақты бақылау мәселелерін және өткір халықаралық дағдарыстар бойынша ортақ мәмілеге келу жолдарын талқылауды жоспарлап отыр.

Алдымен Ақ үй өкілі америкалық БАҚ-қа Трамптың АТЭЫ саммиті аясында Ресей және Қытай басшыларымен үшжақты келіссөз өткізетінін хабарлады. Оның айтуынша, АҚШ президенті ядролық арсеналдарды қысқарту мәселесін көтеруді жоспарлап отыр.

14 қарашада Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та кездесуді өткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін мәлімдеді. Ол келіссөздер 19 қарашада Шэньчжэньде, АТЭЫ саммиті аясында өтетінін нақтылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар