Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық зауыттар екі айда 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді

kz.kursiv.media

Қазақстандық зауыттар екі айда 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді

Қазақстанның май өңдеу кәсіпорындары маркетингтік маусымның алғашқы екі айында 141 мың тоннадан астам өсімдік майын өндірді. Бұл өткендегі сәйкес кезеңмен салыстырғанда 39%-ға жоғары. Бұл туралы Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы хабарлады.

Өндіріс көлемінің ең жоғары өсімі күнбағыс майы сегментінде тіркелді. Атап айтқанда, тазартылмаған күнбағыс майын өндіру 57%-ға, ал тазартылған май өндірісі 39%-ға ұлғайған.

Қауымдастық өндірістің қарқынды өсуін бірнеше себеппен түсіндіреді. Біріншіден, елде күнбағыс алқаптары кеңейіп, зауыттардың өңдеу қуаты артты. Екіншіден, кәсіпорындар шаруалармен шикізатты алдын ала сатып алу жүйесі (форвардтық келісімшарттар) бойынша тығыз жұмыс істей бастады. Сонымен қатар зауыттар шикізат күйінде емес, қосылған құны жоғары дайын өнім өндіруге көшкен.

Сонымен қатар қазақстандық май өнімдеріне сыртқы нарықтарда тұрақты сұраныстың болуы өндіріс өсімінің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып отыр.

Биылғы жылы Қазақстанда майлы дақылдар егілген алқаптардың жалпы көлемі (мақта егісін есептемегенде) 5,179 млн гектардан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға көп.

Қазіргі уақытта еліміздегі май өңдеу кәсіпорындарының жылдық жиынтық қуаты 5,4 млн тоннадан астам майлы дақыл тұқымын өңдеуге жетеді. Оның ішінде күнбағыс тұқымын өңдеу қуаты 4,6 млн тоннаны құрайды. Алайда егіс алқаптарының ұлғаюына қарамастан, кәсіпорындар әлі де шикізат тапшылығын сезініп, өндірістік қуаттарын толық пайдалана алмай отыр.

Айта кетейік, Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортынан түсетін жылдық кірісті 1,5 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл үшін өндірістік қуаттарды кеңейту, шикізат қорын ұлғайту және дайын өнім экспортын арттыру жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар