Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті ұсталды

kz.kursiv.media

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті ұсталды

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкерді өлтірген күдікті қолға түсті. Ол қаланың жергілікті тұрғыны болып шықты.

Күдіктінің ұсталғаны туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомствоның ақпаратынша, күдікті кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмысты ашу үшін Ақтөбеге ІІМ орталық аппаратының тәжірибелі жедел қызметкерлері жіберілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

16 қарашада таңертең Ақтөбе қаласындағы ауқаттылар тұратын аудандардың бірінде 49 жастағы кәсіпкер үйінен өлі табылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамды атып кеткен болуы мүмкін. Марқұм – жанармай құю бекеттері желісінің директоры Айболат Жисов екені айтылып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 қараша 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар